- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- Эмитент "BI Development Ltd" күні
Эмитент "BI Development Ltd" күні
Қымбатты достар! 2025 жылғы 20 мамырда сағат 14:30-да Қазақстан қор биржасы BI Development Ltd. басшылығымен бірге “2024 жылғы қызметтің қаржылық нәтижесін шолу” тақырыбында “Эмитент күнін” өткізеді. Іс-шара Алматы қаласы, “Мирас” шағынауданы, 115, “President’s Park” тұрғын үй кешені мекенжайында өтеді.
Іс-шара инвесторларға, брокерлерге және бағалы қағаздар нарығының басқа кәсіби қатысушыларына арналған.
Спикерлер:
Расул Мустафин, BI Development South, CEO,
Сәкен Әбілмәжінов, BI Development North, CFO,
Анастасия Ким, BI Group, CFO.
Спикерлер BI Development қызметінің нәтижесі мен перспективасы туралы ақпарат бөлісіп, компанияның облигациялық бағдарламалары мен стратегиялық жобалары туралы әңгімелейді. Іс-шара барысында ниет білдірушілер Президент саябағы жобасымен танысып, осы тұрғын үй кешенінің аумағына экскурсия жасай алады.
Кездесу модераторы KASE-нің Эмитенттермен және инвесторлармен жұмыс департаментінің директоры Азиза Ордабаева болады.
Іс-шараға мына сілтемесі бойынша тіркелуге болады.
БАҚ өкілдері bekzhanov_b@bi.group электрондық поштасына жазып, аккредитациядан өте алады