- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- KASE биржалық нарықтың 2025 жылғы бірінші тоқсандағы қызметінің қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізеді
KASE биржалық нарықтың 2025 жылғы бірінші тоқсандағы қызметінің қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізеді
2025 жылғы 16 сәуірде KASE Биржаның 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы қызметінің негізгі қорытындыларына арналған баспасөз конференциясын өткізді. Осы іс-шараға KASE Басқарма төрағасының орынбасары Дана Аманжолова және KACC Басқармасының төрайымы Наталья Хорошевская қатысты.
KASE-де 2025 жылдың бірінші тоқсанында жасалған сауда-саттық көлемі 83,5 трлн теңге болды.
KASE индексінің мәні 5 658,74 тармаққа дейін 1,4%-ға көтерілді.
Акциялар нарығының капиталдандырылуы 31,8 трлн теңгеге дейін 3,4%-ға, сауда-саттық жасалатын корпоративтік борыштың көлемі 13,7 трлн теңгеге дейін 0,2%-ға төмендеді.
2025 жылғы 01 сәуірдегі жай-күйі бойынша KASE сауда-саттық тізімінде 262 эмитенттің 772 атаудағы мемлекеттік емес бағалы қағаздары болды.