Сауда-саттық ақпарат

Эмитент "Кселл" АҚ күні

Құрметті достар! 2025 жылғы 16 сәуірде сағат 11:00-де KASE «Кселл» АҚ басшылығымен «2024 жылдың IV тоқсаны мен 12 айындағы қаржылық нәтижелерге шолу» тақырыбында «Эмитент күнін» өткізеді.

Іс-шара Инвесторларға, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына және БАҚ өкілдеріне арналған.

Эмитент тарапынан спикер болатындар:

• Сәбиғат Рахметов, «Кселл» АҚ Басқарма мүшесі, бас қаржы директоры;
• Қазбек Шаимов, «Кселл» АҚ Басқарма мүшесі, бас коммерциялық директор.

Кездесу модераторы KASE Басқарма Төрағасының орынбасары Ермек Мәжекенов болады.

Іс-шараға мына сілтеме арқылы тіркелуге болады.