- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- KASE "KEGOC" АҚ-пен бірге "Эмитент күнін" өткізді
KASE "KEGOC" АҚ-пен бірге "Эмитент күнін" өткізді
025 жылғы 9 маусымда Қазақстан қор биржасы "Эмитент күні" аясында "KEGOC" АҚ басшылығымен кездесу өткізді.
KASE Басқарма төрағасының орынбасары Дана Аманжолова қатысушыларға өз ілтипатын білдірді. Ол 2024 жылдың қорытындысы бойынша "KEGOC" АҚ жай акцияларымен жалпы сомасы 13,3 млрд теңгеге 105 мыңнан астам мәміле жасалғанын, орташа күндік сауда көлемі 53,3 млн теңге болғанын атап өтті. Дана Аманжолова KASE "KEGOC" АҚ-тың қаржылық және қаржылық емес көрсеткіштерді ашып көрсетудегі ашықтығын бағалайтынын көрсетті.
"KEGOC" АҚ-тың экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Айгүл Әкімбаева компанияның 2024 жылғы және 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы операциялық және қаржылық қорытындысымен таныстырды, сондай-ақ Ұлттық электр желісін дамытудың негізгі жобалары, компанияның стратегиясы мен келешегі туралы айтты. Басым бастамалар ретінде ол "Қазақстанның Бірыңғай энергетикалық жүйесінің оңтүстік аймағының электр желісін нығайту" және "Батыс Қазақстанның энергетикалық жүйесін Қазақстанның Бірыңғай энергетикалық жүйесімен біріктіру. Электр желілері объектілерінің құрылысы" жобаларын ерекше атап өтті. Бұл жобалар бойынша Азия даму банкімен және Еуропалық қайта құру және даму банкімен несиелік келісімдерге қол қойылды.
"KEGOC" АҚ-тың стратегия және тұрақты даму жөніндегі басқарушы директоры Эльвира Қонақбаева компанияның миссиясы мен 2032 жылға дейінгі стратегиясы туралы айтып берді. Ол жұмыстың негізгі нәтижелері туралы ақпаратты бөлісіп, "KEGOC" АҚ рейтингтерінің өскенін, атап айтқанда Moody's компанияның рейтингін Baa2 деңгейінен Baa1 деңгейіне, Fitch оны тұрақты болжаммен "BBB-” деңгейінен "BBB" деңгейіне көтергенін, S&P Global компанияның ESG рейтингін 55 ұпайға дейін көтергенін атап өтті.
Сондай-ақ іс-шараға аналитиктер мен қаржы сарапшылары, соның ішінде КАСС Директорлар кеңесінің төрағасы Шолпан Айнабаева, "BCC Invest" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әлібек Уразақов, "Jusan Invest" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Төлепов және "Halyk Finance" АҚ Сауда-саттық идеялары департаментінің директоры Асан Құрманбеков қатысты.
"KEGOC" АҚ Қазақстанда өндірілетін барлық энергияның жартысынан астамы тасымалданатын жоғары вольтты магистральдық желілерге ие Жүйелік оператор мәртебесіне ие.