ІБИ - бұл нақты сектордағы экономиканың жағдайын сипаттайтын көрсеткіш, экономикалық тенденциялардың динамикасын, бизнес циклінің маңызды және бетбұрыс нүктелерін зерттеуге мүмкіндік береді. ІБИ Қазақстан Ұлттық Банкі жүргізетін кәсіпорындардың ай сайынғы сауалнамасының нәтижелері бойынша дайындалады және кәсіпорындардың экономикалық көрсеткіштерінің нақты өзгерістеріне және олардың болашақта өзгеруіне қатысты күтулеріне қатысты сұрақтарға кәсіпорындардың жауаптарының жиынтығын қамтиды. Деректер қатары маусымдық факторды жоюмен ұсынылған. Толығырақ: https://nationalbank.kz/kz/page/indeks-delovoy-aktivnosti-po-kazahstanu-ida
2025 жылдың қыркүйек айындағы іскерлік белсенділік туралы ҚҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесі
2025 жылдың қыркүйек айында іскерлік белсенділік 50,9 (тамызда 51,0) болып, өзгеріссіз қалды. Индикатор 2024 жылғы наурыздан бастап оң аймақта тұр.
Өндірісте, қызмет көрсету секторында және саудада белсенділік сақталды, онда индекс тиісінше 53,0, 51,0 және 50,8 (тамызда – 53,8, 51,2 және 51,2) болып, өсу жағында қалды. Құрылыс пен тау-кен өндіру өнеркәсібінде көрсеткіштер теріс аймақта қалғанына қарамастан, 49,5-ке және 49,3-ке дейін (тамыздағы 48,1 мен 48,3-тен) жақсарғаны байқалды.
Кәсіпорындардың бизнес жүргізудің қазіргі және келешек жағдайын бағалауы нашарлауы себепті 2025 жылғы қыркүйекте бизнес-ахуал индексі (БАИ) төмендеп, 10,3 болды. Алайда, жалпы көрсеткіштер оң бағаланып отыр, тиісінше бизнес-цикл «сағатының» индикаторы өсу жағында қалды.
Кәсіпорындардың бағалауы бойынша, олардың өніміне/көрсетілетін қызметіне сұраныс өсті, бірақ қарқыны баяу. Ең көп сұраныс өндірісте болды.
Толығырақ – Қазақстан Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында